ҚР Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде Бейжіңдегі ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның олимпиадалық құрамасының өнер көрсетуінің қорытындылары шығарылды
Алқалы жиында Қазақстандағы туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп тыңдалды.
Қыркүйектің 25-і күні Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісі болды. Министр Темірхан Досмұханбетовтың төрағалығымен өткен отырыста Бейжіңдегі ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның олимпиадалық құрамасының өнер көрсетуінің қорытындылары шығарылды және алдағы 2012 жылы Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы
міндеттер анықталды. Сондай-ақ Қазақстандағы туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп берілді.
Алқада сөз алған Т. Досмұханбетов: «Қазақстандық спортшылардың Бейжің олимпиадасындағы көрсеткіштерін саралай отырып, Елбасы мен Үкімет жүктеген міндеттерді министрлік толығымен орындады деп есептеуге болады», деп атап көрсетті. Министр Бейжің олимпиадасында Қазақстанның олимпиадалық құрамасы бейресми жалпы командалық есепте әлемнің 29 мықты мемлекетінің қатарына кіргенін, ал медальдар саны бойынша олимпиадаға қатысушы 205 мемлекеттің ішінде алғашқы рет 19-шы орынды иеленгенін еске салып өтті. «Аса тартысты бәсекеде Қазақстан спортшылары олимпиаданың 13 медаліне ие болды. Мемлекетіміздің халықаралық беделін көтерудегі спорт саласындағы маңызды жеңістеріміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының, спорт саласына жасап отырған қамқорлығының және ел экономикасының тұрақты дамуының жемісі болып табылады», деді Т. Досмұханбетов.
Алқа мәжілісінде спортшыларымыздың олимпиададағы жетістіктері ғана емес, сонымен бірге кемшіліктері де назардан тыс қалмады. Үміт артқан спортшылардың жүлделі орындардан көріне алмауына ең алдымен олардың жарысқа техникалық және психологиялық жағынан толық дайындалмай шыққандығы, сондай-ақ жаттықтырушылардың дұрыс нұсқау бере алмағаны ықпал еткені айтылды. Осы орайда алқа мәжілісіне қатысқан спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына, жаттықтырушыларға 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарына ел спортшыларын сапалы даярлауды ұйымдастыру мақсатында бірқатар маңызды міндеттер жүктелді. Бұдан бөлек алқа отырысында Қазақстандағы туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2008-ші жылдың алғашқы 9 айындағы іске асырылу барысы тыңдалды.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |