VII Халықаралық «ТрансЕуразия-2008» форумы аясында «Қазақстан Республикасының көлік саласындағы концессиялық жобалар» атты Халықаралық конференция өтті
Конференция барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Д.Көтербеков, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Құсайынов баяндама жасады.
25 қыркүйекте VII Халықаралық «ТрансЕуразия-2008» форумы аясында «Қазақстан Республикасының көлік саласындағы концессиялық жобалар» деген тақырыпқа арналған Халықаралық конференция болып өтті. Конференция барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Құсайынов, халықаралық және аймақтық ұйымдардың, көліктік компаниялардың, қаржы және сақтандыру ұйымдарының басшылары мен өкілдері баяндама жасады.
Көлік және коммуникация вице-министрі Д.Көтербеков «Қазақстан Республикасының көлік саласындағы инвестициялық жобаларға шолу» деген тақырыпта баяндама жасады. Өз сөзінде вице-министр былай деді: «Орталық Азия елдерінің Ішкі жалпы өнімінің 70 пайызы біздің еліміздің үлесінде. Жыл сайынғы экономикалық өсу соңғы 5 жылдың ішінде 10 пайызға өсті. Орталық Азия аймағына құйылған шетелдік инвестициялардың 80 пайызынан астамы Қазақстанға тиесілі. Қазақстанның экономикасына салынған тікелей шетелдік инвестициялар 70 млрд. АҚШ доллардан асты».
Өз сөзінде Д.Көтербеков мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің дүние жүзінде қолданылу алғышарттарына тоқталып өтіп, елімізде концессиялық жобаларды жүзеге асырудың заңнамалық базасын қалыптастыру барысына, осы механизмді іске асыру проблемаларына, басталып кеткен және жоспардағы концессиялық жобаларға жан-жақты тоқталды.
Еуразия құрлығында халықаралық экономикалық байланыстардың жаһандану процестерінің тереңдеуіне, Шығыс Азия мен Еуропа арасында жүк тасымалының өсуіне байланысты еуразиялық трансқұрлықтық көпір ретінде «Ұлы Жібек Жолын» қайта жаңғырту өзекті мәселеге айналып отыр.
Ескі және жаңа темір жолдар мен автомобиль жолдарын қайта салу негізінде осындай көпірді құру арқылы жолда жүру уақытын 40 күннен 10 күнге, Суэц каналы мен Африканы айналып жүру бағдарғысымен салыстырғанда жол ұзақтығын 8-15 км-ге қысқарту мүмкін болады.
Әлемнің көптеген елінде осыдан ондаған жылдар бұрын қалыптасқан инфрақұрылымды сауықтыруға деген қажеттілік туындап отыр. Қоғамдық инфрақұрылымды реформалауды әдетте бюджеттік қаржыландыру арқылы жүзеге асыру механизмі қолданылып келеді. Көптеген шет мемлекеттердің үкіметтері инфрақұрылым проблемаларын шешуге салықтан түсетін қаржының жеткіліксіз екеніне көзі жетті. Аралас экономиканың қазіргі заманғы теориясы қоғамдық инфрақұрылымды жаңғыртуға мемлекеттік-жеке меншіктік механизмді қолдануды ұсынып отыр.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |