Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой баяндама жасады

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой баяндама жасады

Қыркүйектің 24-інде ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулықтарын қорғау мен білікті медициналық көмек алу саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету» мәселесі талқыланды.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселе жөнінде Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой баяндама жасады. Оның айтуынша, еліміздің азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында республикада 1 мың 7 стационарлық және 4 мыңға жуық емханалық мемлекеттік мекемелер бар. Онда 4 мың медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар тұрғындарға тағы 143 аурухана мен 1 мыңнан астам жеке меншіктегі амбулаториялық медицина нысандары көмек көрсетеді. «Осыған орай жылына елімізде 2 милионнан астам адам стационарлық ем қабылдайтын болса, 5 миллионға жуық адам жедел жәрдем көмегін пайдаланады. Өткен жылы еліміздегі 27 республикалық клиникаларда 46 мыңнан астам сырқат азаматтар жоғары деңгейдегі білікті мамандардан ем қабылдаса, 250 азамат шет мемлекеттерде емделді», деді министр.

Бұдан әрі денсаулық сақтау саласының соңғы жылдардағы жұмыстарының нәтижелері мен онда қалыптасқан проблемаларға тоқталған А.Дерновойдың сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласын жетілдіруге байланысты мемлекеттік бағдарламаның алғашқы кезеңі осы саланы кең көлемде инвестициялау мен техникалық жаңартуға және оның инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған. «Сонымен қатар біз осы кезеңде тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөлдік. Бүгінде 3 жылға созылған мемлекеттік бағдарлама бойынша қойылған міндеттерді толығымен орындалды деуге болады. Өйткені аталған мерзімде қоғамның әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдаумен қатар, бала туу көрсеткіші өсіп, олардың өлімінің көрсеткіші керісінше төменеді. Сонымен бірге ана өліміне қатысты жағдай да тұрақтана түсті. Бұған қоса құрт ауруы мен қоғамға үлкен қауіп төндіретін өзге де індеттерге және жүйкенің жұқаруы мен дене жарақаттарына байланысты жағдай тұрақтанды. Біз сонымен қатар ана мен баланың денсаулығына баса көңіл бөлдік. Осыған орай қазір балалар мен аналардың денсаулығы тұрақты түрде тексеріліп отырады. Ал олардың 70 пайызы профилактикалық ем-дом алады», дейді министр.


ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS