ТрансЕуразия-2008» 7-ші халықаралық форумы аясында өтіп жатқан көлік саласына арналған конференцияда Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков концессияға берілетін жобалар жөнінде әңгіме қозғады
Жақын арада 17 жобаны концессияға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы «ТрансЕуразия-2008» 7-ші халықаралық форумы аясында өтіп жатқан көлік саласына арналған конференцияда Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргі кезде көліктік-коммуникациялық кешен саласында министрлік 5 жобаны әзірлеу үстінде, сондай-ақ жақын арада 20 миллиард АҚШ долларына жуық қаржы көлемінде 17 жоба бойынша концессияға беру рәсімдерін бастау шаралары қарастырылып отыр.
Атап айтқанда, 10 жоба автожолдардың құрылысы мен қайта жөндеу бағытында жүзеге асырылмақ. Оның ішінде Бейнеу-Ақтау,
Орал-Каменка-РФ шекарасы, Алматы-Қорғас, Ташкент-Шымкент-Жамбыл, Алматы-Қапшағай, Астана-Қарағанды автожолдарына қайта жөндеу жұмыстары мен Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы, Астана-Шортанды автожолына интеллектуалды көліктік жүйені енгізу, сонымен қатар Қарағанды-Балқаш-Қапшағай және Бейнеу-Шалқар автожолдарының құрылысы мен қайта жасау жобалары бар.
Мұнымен қоса, теміржол саласында концессияға берілетін Шар-Өскемен, Қорғас-Жетіген, Ералиев-Құрық, Маңғыстау-Баутин,
Бейнеу-Шалқар, Сексеуіл-Жезқазған темір жолдарының құрылысы және Мақат-Қандыағаш, Алматы-Ақтоғай, Достық-Ақтоғай,
Ақтоғай-Мойынты теміржолдарын электрлендіру бойынша 6 жоба мен азаматтық авиация саласында Қостанай әуежайын қайта жаңғыртуға арналған 1 жоба қарастырылған.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |