Қазақстан-Беларус Үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының V отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко сөз сөйледі
2007 жылы Қазақстан мен Беларус Республикасы арасындағы тауар айналымы 525,1 миллион АҚШ долларын құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға артты. Бұл туралы Қазақстан-Беларус Үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының V отырысында ҚР Төтенше жағдайлар
министрі Владимир Божко мәлім етті.
В.Божко үстіміздегі жылғы қаңтар-тамыз айларында тауар айналымы 385 миллион долларды құрағанын айта келе, экономикада туындаған қаржылық ахуалды ескергенде, бұл жақсы көрсеткіш екенін жеткізді. «Қазақстан мен Беларус ТМД, ЕурАзЭҚ және бірегей көші-қон саясатын қалыптастыру шеңберінде тығыз ықпалдастық қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Қазақстан-беларус ықпалдастығының келісім-шарт құқықтық базасы әртүрлі саладағы 60-тан астам келісім мен мәмілені құрайды. Сонымен қатар, Қазақстанда «МТЗ», «МАЗ»,
«БелАЗ», «БелавтоМАЗ» автотехникаларына сервистік қызмет көрсету мен басқа да беларустық өнімдерді сату жөніндегі өкілдіктер мен орталықтарды құру жұмысы қарқынды жалғасып келеді. Бұл мәселеде, өз жұмысын 1996 жылы бастаған Қазақстанның Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының да атқарып отырған қыруар жұмысын атап өту керек», - деді ол.
Ведомство басшысы сондай-ақ, беларус өнімдерінің Қазақстанға тасымалы артып отырғанын тілге тиек етіп, ауыл шаруашылығы көліктері мен жол техникалары жеткілікті көлемде жеткізіліп отырғанын айтты. «Сауда-экономикалық бағытта қол жеткізілген айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, екі елдің әлеуетін ескеретін болсақ, бар мүмкіндіктер әлі де толық көлемде игерілмей отыр. Екі жақ та тауар айналымының
өсуіне, нысандардың құрылысы, инвестициялық ықпалдастық пен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға мүдделі. Әсіресе, ауыл шаруашылығы техникасы, энергетика, машина құрылысы, қайта өңдеу және өнеркәсіптің басқа да салаларын жетілдіруге инвестиция тарту керек», - деп атап көрсетті В.Божко.
Біріккен іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мен Беларустың сауда-экономикалық және сауда-индустриялық салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарын одан бетер бекіте түсуге бағытталған кеңеске Беларус Республикасының Үкіметтік делегациясын бастап келген Беларус Премьер-Министрінің орынбасары Иван Бамбиза, екі елдің Елшілері мен іскерлік топтардың өкілдері қатысуда. Екі күнге жалғасатын шара соңында мемлекеттер сауда-экономикалық бағыттағы өзара ықпалдастық жөніндегі келісімге қол қояды деп күтілуде.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |