Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иван Бамбизамен кездесті
Қыркүйектің 25-інде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иван Бамбизамен кездесті.
Тараптар екі жақты ынтымақтастық перспективасын талқылады және экономиканың әр түрлі саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруда тауар айналымы операциясынан бастап, Қазақстан мен Беларусь өзара экономикалық қарым-қатынастарына сапалы өтуге назар аударды.
И. Бамбиза ҚР Премьер-Министрін бүгін Астанада басталған үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының барысынан хабардар етті. Ол комиссия 2016 жылға дейінгі ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімді әзірлеуге және оны іске асыру жөніндегі 2 жылдық іс-шаралар жоспарына кіріскендігін мәлімдеді.
«Екі жақты қазақстан-беларусь экономикалық қарым-қатынастары менің көзқарасымша, толық көлемде пайдаланылмаған үлкен әлеуетке ие», деп атап өтті К. Мәсімов сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқынды дамыту мәселесін талқылай келе.
Кездесу соңында Премьер-Министр Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Үкіметтерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде сауда-экономикалық, ғылыми-зерттеу және мәдени саладағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуы үшін барлық жағдай жасалғанына сенім білдірді.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |