Жиһаз, жеңіл өнеркәсіп және минералдық тыңайтқыштарды өндіретін Қазақстан-Беларус бірлескен кәсіпорындарын құру көзделіп отыр
Аталған пікірді Қазақстан-Беларус үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның V отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
Қазақстан мен Беларус республикалары жиһаз, жеңіл өнеркәсіп және минералдық тыңайтқыштарды өндіру салаларын дамыту бойынша бірлескен кәсіпорындарды құруға үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы қыркүйектің 26-сы күні Астанада аяқталған Қазақстан-Беларус үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның V отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
Оның атап көрсеткеніндей, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары жиһаз құрастыруға, Солтүстік Қазақстан облысы жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға, Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы секторлары фосфорлы тыңайтқыштарды бірлесіп өндіруге ниет білдіріп отыр. В.Божко Қазақстан мен Белоруссияның бүгінде өнеркәсіп, көлік, кооперация және бірлескен сауда, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы сауда-экономикалық ықпалдастық бағытында айтарлықтай табыстарға жетіп отырғанын айта келе, V кеңес барысында аймақаралық ықпалдастық мәселелерін жандандыру жоспары белгіленгенін және кіші, орта бизнесті дамыту қажеттігі қызу талқыланғанын жеткізді.
Өз кезегінде Беларус Үкіметі Премьер-Министрінің орынбасары Иван Бамбиза, «арадағы тауар айналымы соңғы бес жылда 6 есеге өскеніне қарамастан, екі елдің әлеуетін ескере келгенде, бар мүмкіндіктер толық көлемде игерілмей отыр», деген пікірін білдірді.
Кеңес соңында сауда-экономикалық жөніндегі Қазақстандық-беларус және Беларус-қазақстандық үкіметаралық комиссияларының тең төрағалары - В.Божко мен И.Бамбиза қорытынды хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ, екі елдің Туризм және спорт министрліктері 2009-2010 жылдарға бекітілген дене шынықтыру және спорт саласындағы ықпалдастық бағдарламасына қол жеткізді.
Үкіметаралық комиссияның кезекті VI отырысын 2009 жылдың екінші жартыжылдығында Минск қаласында өткізу белгіленді.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |