Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы сыртқы саяси ведомстволарының бірлескен консультациясы өтті
Келіссөзде Қазақстан тарапына Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай, бразилиялық тарапқа сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Роберто Жагуарибе жетекшілік етті.
Қыркүйектің 26-сында Астанада Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы сыртқы саяси ведомстволарының бірлескен консультациясы өтті. Келіссөзде Қазақстан тарапына Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қайрат Сарыбай, бразилиялық тарапқа сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Роберто Жагуарибе жетекшілік етті.
Консультация барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылдың қыркүйек айында Бразилияға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалу жайы талқыланды.
Біздің елімізге жасап отырған сапарлары аясында бразилиялық делегация Президент Әкімшілігінде, Көлік және коммуникация
министрлігінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде кездесулер өткізді.
Қазақстан мен Бразилияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы қыркүйектің 22-сінде орнатылған. Ал 2006 жылы Астанада Бразилия Елшілігі ашылды. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында екі елдің арасындағы тауар айналымы 97 миллион долларды құрады, ондағы экспорттың үлесі 9,3 миллион доллар болса, импорттың үлесі -87,7 миллион доллар. Ал 2007 жылғы жалпы көрсеткіш 142 миллион АҚШ долларын құраған болатын, ондағы экспорттың үлесі 0,3 миллион доллар да, импорттың үлесі - 141,714 миллион доллар.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |