Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > Душенбеде ТМД-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зияткерлерінің үшінші форумы өтті

Душенбеде ТМД-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зияткерлерінің үшінші форумы өтті

Қазақстандық делегацияны ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бастап барды.

Тәжікстан астанасы – Душанбеде ТМД-ға мүше мемлекеттердің
шығармашылық және ғылыми зияткерлерінің үшінші форумы болып өтті.
 
Қазақстандық делегацияны ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бастап барды.
Форум жұмысына Армения, Әзербайжан, Беларус, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украинаның, сондай-ақ ТМД атқарушы комитетінің, ЕурАзЭҚ-тың, ЮНЕСКО-ның, ШЫҰ-ның, ТМД салалық ынтымақтастық органдарының өкілдері қатысты.
 
«Форумға қатысушылар 2007-ші жылдың қараша айында Астанада өткен екінші кездесуден кейінгі кезеңде Достастық елдерінің гуманитарлық өзара іс-қимылын тереңдету бойынша жаңа келісімдер жасалғанын атап өтті».

 Форум жұмысы аясында түрлі шаралар ұйымдастырды. Солардың бірі ТМД-ға мүше елдер жас ақындарының «Достастық дебюті» атты байқауы. Бұл
награданы Қазақстаннан барған жас ақын Танакөз Толқынқызы жеңіп алды.
 
Бұдан бөлек форум барысында Достастық елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі фактор саналатын жетекші технологияларды енгізу және инновациялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған. «ТМД елдері зиялы қауымының форумы мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуда ерекше рөл атқаратыны атап өтілді. Бүгінгі таңда форум Достастық елдері шығармашылық элитасының мәдениетаралық диалогын дамытуда және гуманитарлық саладағы барынша қажетті тақырыптар бойынша ұсыныстар айтылатын негізгі алаңға айналып отырғаны атап көрсетілді».

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS