Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарына дайындық жүргізу және оны өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті
Қыркүйектің 26-сында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарына дайындық жүргізу және оны өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
Ұйымдастыру комитетінің талқылауына Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысындағы Азия ойындары объектілерін қайта құрылымдау және құрылыс, жер телімдерін бөлу, қаржыландыру мәселесі енгізілді.
Сондай-ақ, Ұйымдастыру комитетінің мүшелері аталған ғимараттарды сумен және электрмен қамтуға арналған техникалық жағдайына, жолдар төсуге, спорттық объектілерге инженерлік желілер жүргізуге арналған құжаттамалардың жобалық-сметалық әзірлік мәселесін қарады.
Премьер-Министр бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктеріне Алматыда баспасөз орталығының құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және жобалау, құрылыс инфрақұрылымы мен объектілердің инженерлік желілері үшін қаражат бөлу, Азия ойындарын өткізу жөніндегі мастер-жоспарды әзірлеу, шаңғы стадионының құрылысы және сумен қамтуға арналған техникалық жағдай туғызуға жер телімдерін бөлу үдерісін жеделдету туралы бірқатар тапсырма берді.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |