Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр К.Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаевқа нан бағасының тұрақтылығын сақтау үшін тиісті шаралар атқаруды тапсырды

Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр К.Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаевқа нан бағасының тұрақтылығын сақтау үшін тиісті шаралар атқаруды тапсырды

Үкімет тарапынан күз, қыс айларында азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін кешенді шаралар атқарылуда.

Қыркүйектің 27-сі күні Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа нан бағасының тұрақтылығын сақтау үшін тиісті шаралар атқаруды тапсырды.

Бұл мәселе бойынша министрдің жеке жауап беретініне тоқталған Үкімет басшысы: «Сіздерде осы мәселені қадағалауға жеткілікті ақша мен механизм бар. Халықтың күз, қыз маусымдарында бағаның ауытқуына байланысты ешқандай қиындық сезінбеуі үшін тиісті жұмыстар атқару қажет. Нанның барлық жерде жеткілікті болуы және оның бағасының бүгінгі деңгейде сақталуы тиіс», деді.

Қазіргі кезде мемлекеттік ресурстар мен тұрақтандыру қорларына астық сатып алынып жатқанын жеткізген А. Күрішбаев, жалпы 1 миллион тонна астық сатып алу жоспарланып отырғандығын, бұл бүгінде пайдалану көлемінің 30 пайызын құрайтынын айтып өтті. Министрдің сөзіне қарағанда, қордағы астық жаңа жылдан кейін астық пен нан бағасының өсуін тежеу мақсатында сатылатын болады.

Биылғы маркентингтік жылы астық экспортына шектеу қойылмайды. Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев осылай мәлім етті.

Қазіргі кезде мемлекеттік ресурстар мен тұрақтандыру қорларына астық сатып алынып жатқанын жеткізген А. Күрішбаев, жалпы 1 миллион
тонна астық сатып алу жоспарланып отырғандығын, бұл бүгінде пайдалану көлемінің 30 пайызын құрайтынын айтып өтті. Министрдің сөзіне
қарағанда, қордағы астық жаңа жылдан кейін астық пен нан бағасының өсуін тежеу мақсатында сатылатын болады.

Осыған орай А. Күрішбаев аталған астық көлемінің биылғы маркентингтік жылы астық экспортына тыйым салуды, шекараны жабуды қажет
етпейтінін айтып өтті. Жалпы қазір сыртқы нарыққа 5-6 миллион тонна астық пен ұн экспорттауға мүмкіндік бар.

Бидай экспортына шектеу қою тоқтатылғаннан бері, яғни қыркүйек айының 20 күнінде елімізден астық эквивалентінде 290 мың тонна астық
пен ұн шығарылғанын жеткізген министр: «Экспорт қарқынының төмендігін Еуропа бағытындағы экспорт каналдары жүктемесінің шамадан
тыс жоғары болуымен, сондай-ақ қазіргі кезде Ресей мен Украина астығының қарқынды экспортталуымен түсіндіруге болады», деді.

Ол осыған байланысты қазақстандық астықтың экспорттық бағыты Орта Азия өңіріне негізделуі тиіс екенін айтып өтті. «Алайда, соңғы кезде
астық тасымалдайтын вагондардың жетіспеушілігі мен Өзбекстан тарапынан вагондарды қабылдауға шектеу қою мәселесі туындап отыр»,
деп қосты А. Күрішбаев.

Биыл бункерлік салмақ бойынша 17 миллион тонна астық алынады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргі кезде 15 миллион гектар алқаптың астығы орылған. Бұл - жалпы егіс алқабының 96 пайызы.
Бүгінде 16,3 миллион тонна астық тазартылғанын жеткізген министр, астық шығымдылығы орта есеппен гектарына 10,9 пайыз болатынын, ал
мұның былтырғы көрсеткіштен 3,6 пайызға кем екенін айтты.
А. Күрішбаевтың сөзіне қарағанда, биылғы астықтың сапасы жоғары. Элеваторларға жеткізілген 5 миллион тонна астықтың 91 пайызы 1-3
класты бидай. Ағымдағы жылы да Қазақстан астығына сұраныс жоғары болатынана тоқталған министр, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін бидай
сатып алуды жандандыру қажеттігін атап көрсетті.

Үкімет тарапынан күз, қыс айларында азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін кешенді шаралар атқарылуда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Кеңесте еліміздегі азық-түлік тауарлары нарығында жағдайдың тұрақты екенін жеткізген Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев:
«Бүгінде өсімдік майы, күріш, қант және көкөніс қоры жасалып жатыр. Өңдеу кәсіпорындарының мәліметіне қарағанда қазір республикада
42 мың тонна май бар. Бұл халықтың 3 айлық сұранысына жетеді», деді.

Оның айтуынша, күріштің шығымдылығы ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазіргі кезде 70 мың тонна
қант қоры дайындалған. «Ал жиналған көкөніс пен картоп қоры ішкі нарықтағы қажеттелікті толығымен қамтамасыз етеді», деді министр.
ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS