Үкімет отырысында Премьер-Министр желтоқсан айына дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруді тапсырды
Желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Үкіметтің селекторлық кеңесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қатысты мәселелер қаралады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Желтоқсан айына дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруді тапсырған Премьер-Министр, сондай-ақ екі айдың ішінде жұртшылыққа «электронды үкіметтің» атқарып жатқан жұмыстары мен оның пайдасы туралы түсінік беру ісін жүзеге асыруды жүктеді.
Сонымен қатар, Үкімет отырысында Үкіметің 2003 жылғы мамырдың 16-ы күнгі № 454 жылжымайтын мүліктік құқықтар мен оны жасау мәмілелерін мемлекеттік тіркеуге арналған алым ставкаларын бекіту туралы қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасы қабылданды.
Өзгерістер мен толықтырулар қызмет көрсетуге мамандандырылған делдал фирмаларды болдырмауды тез арада қамтамасыз ететінін жеткізген Әділет министрі Зағипа Балиева: «Бұл жеделдетілген қызмет түрін өзіміз ұсынатан боламыз. Ол үшін төленетін 58 мың теңге мемлекеттік бюджетке бағытталады. Біздіңше, осы шара құжаттарын тіркегісі келетіндердің туындап отырған проблемаларды бірер күнде шешуіне көмектеседі», деді.
Жыл соңына дейін еліміздегі ауылдар мен елді мекендерде халыққа қызмет көрсететін 100 орталық ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда «жалғыз терезе» қағидаты бойынша осындай 263 мекеме қызмет істейді. «Жыл соңына дейін ауылдар мен елді мекендердегі «Қазпошта» АҚ-ның жаңа бөлімшелерінің базасында халыққа қызмет көрсететін 100 орталық ашу жоспарланып отыр. Ал 2009 жылы тағы 148 ортылық іске қосылмақ», деді министр.
З. Баливаның сөзіне қарағанда, 2010 жылы еліміздегі қызмет көрсету орталықтарының саны 500-ге жететін болады.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |