ҚР Қорғаныс министрлігінде 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың таныстырылымы болды
Қыркүйектің 29-ы күні ҚР Қорғаныс министрлігінде 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың таныстырылымы болды.
Осыған байланысты ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен және Штаб бастықтары комитетінің басшы құрамымен кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов келді.
Таяудағы үш жылға арналған әскери ведомствоның мақсаттары мен міндеттері туралы Стратегиялық жоспардың таныстырылымын ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев өткізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменовпен ҚР Қорғаныс министрлігі басшыларының кездесуі Кавказдағы грузин-осетин жанжалының барысына талдау жасау мен оның салдарлары ескеріле отырып, әскердің жауынгерлік даярлықтарын арттыру шараларын талқылауға ұласты. Бұл тақырыпта ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Болат Жанасаев баяндама жасады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |