Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысы жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысы жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты

Қыркүйектің 29-ында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.
 
Басқосуға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен аталмыш ведомствоның қызметкерлері, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындап, Мәжілістің қарауына ұсынған «Әлеуметтік қызметтер туралы» заң жобасы талқыланды. Аталмыш заң жобасы мен оның ерекшеліктері, мақсат-міндеттері жөнінде баяндамалар жасалды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар талқылауға ұсынылып отырған құжат бойынша өзара пікір алмасты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың сөзіне қарағанда, елімізде қазір тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер түрі жетерлік. Алайда бұл мақсаттағы жұмыстарға жүргізілген талдау, сараптау шаралары біздегі көрсетілетін қызметтердің халықаралық талаптарға сай еместігін көрсеткен. «Осыған орай біз Еуропа мен Азияның және Американың көптеген мемлекеттерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, «Әлеуметтік қызметтер туралы» жаңа заң жобасын дайындадық», - деді Б.Сапарбаев.
 
Министрдің сөзіне қарағанда, аталмыш құжатта негізінен халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің көлемі мен мемлекеттік
стандарттарына көп көңіл бөлінген. Заң жобасы әлеуметтік қызметтің сапасын арттырып, осы салада бәсекелестікті қалыптастыруға
бағытталған құқықтық нормаларды, мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордағы жаңа қызмет түрлерін жетілдіруге ықпал етеді.


 

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS