Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Әбденов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды
Қыркүйектің 29-ында Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.
Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Сонымен бірге құжатты ең алдымен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасында масылдықтың дамуына жол бермеу шаралары көзделіп отыр. Бұл мақсатта әлеуметтік көмек тұрақты сипатта болмай, азаматтардың тек мұқтаж санаттарына ғана бағытталуы тиістігі ескеріле отырып «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.
Сонымен бірге, заң жобасымен атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың шарттары нақтыланады. «Дәлелді себепсіз қоғамдық жұмыстардан, әлеуметтік жұмыс орнынан, жұмысқа орналасудан, кәсіптік даярлықтан, біліктілігін арттырудан, сондай-ақ қайта даярлаудан бас тартқан немесе бұндай жұмыстар мен оқуға қатысуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады. Заң жобасында жұмыссыз адам уәкілетті орган жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес көрсететін жоғарыда айтылған қызметтерді алған күннен бастап, яғни олар жұмысқа орналастырылған болса, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын қалпына келтіру қаралады. Бұл норма азаматтардың жұмысқа орналасуын, олардың жаңа кәсіпке оқуын және қайта оқуын ынталандыру болып табылмақ», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Әбденов.
Заң жобасы халықтың жекелеген әлеуметтік тұрғыдан осал буындарының жағдайын жақсартуға бағытталған.
Заң жобасының таныстырылымы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Әбденов еліміздегі атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандардың 30 пайызға жуығы еңбекке жарамдылар екендігін хабарлады.
«Қолданыстағы заңға сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің белсенді емес формасына бюджетте қарастырылған жәрдемақы түрлері жатады. Сонымен бірге, заңда көрсетілген белсенді формаларды тек қана жұмыссыздар пайдалануы тиіс. Бұл жұмыссыздар тиісті органдарда «жұмыссыз» ретінде тіркелген болуы керек. Өкінішке қарай, атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандардың 30 пайызға жуығы еңбекке жарамды азаматтар болып отыр. Сондай-ақ, бұл санаттағы азаматтар екі жылдан бері бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек алып келеді», деді С. Әбденов. Оның айтуынша, әлемнің дамыған мемлекеттерінің баршасында атаулы әлеуметтік көмек көрсетілмес бұрын азаматтардың жұмысқа жарамдылығы мен белсенділігі тексеріледі. Мемлекеттік жәрдемақыға дәмелі азаматтар арасында ондай жұмысқа жарамдылар болса, жұмыспен қамту жағдайы қарастырылады. «Қазақстан да атаулы әлеуметтік мәселесінде осы қағидатты жүзеге асыратын болады.
Сонымен бірге, заң жобасында жалған мәліметтер ұсынғаны үшін және жәрдемақының мөлшеріне, тағайындалу заңдылығына әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етпегені үшін өтініш берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі», деді С. Әбденов.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |