Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Ата-аналардың республикалық қоғамдық кеңесінің өкілдерімен он-лайн режимінде интернет-мәжіліс өткізді

Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Ата-аналардың республикалық қоғамдық кеңесінің өкілдерімен он-лайн режимінде интернет-мәжіліс өткізді

Бұл шараға Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Қадыр Омаров, Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Гүлнәр Ділімбетова қатысты.

Қыркүйектің 29-ында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Ата-аналардың республикалық қоғамдық кеңесінің өкілдерімен он-лайн режимінде интернет-мәжіліс өткізді.
 
Бұл шараға Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Қадыр Омаров, Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Гүлнәр Ділімбетова қатысты.

Мәжіліс барысында олар ата-аналар қауымын еліміздің білім саласында атқарылып жатқан істер мен осы саланы реформалауға байланысты шаралармен таныстырды. Сонымен қатар олар күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде өзара пікір алмасты. Мәжілісте Білім және ғылым министрлігінің болашақ жоспарларымен таныстырған министр Ж.Түймебаев ата-аналарға 2007-ші және 2011-ші жылдар аралығында елімізде республикалық бюджет есебінен 245 мектеп салу ісі жоспарланғандығын және бұл мекемелердің барлығы мектептегі 3 ауысымда оқу мәселесін шешуге ықпал ететіндігін айтты. Оның мәліметтерінше, қазір республикада 67 білім нысаны апатты жағдайда тұр. 
 
Ата-аналардың республикалық қоғамдық кеңесі Білім және ғылым министрлігі жанынан кеңесші орган ретінде құрылған. Оның құрамына ата-аналар комитеті мен ұлттық-мәдени орталықтардың, ақсақалдар алқасы мен ардагерлер кеңесінің және еліміздегі бірқатар министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кіреді. Қоғамдық кеңес құрамы министрлікпен тығыз қарым-қатынаста
жұмыс істеп, мектеп жасындағы балалардың оқу, тәрбие ісіне қатысты міндеттерді шешумен айналысады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS