Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының жұмысы аясында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының жұмысы аясында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

Қыркүйектің 29-ы күні ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясының жұмысы аясында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.
 
«Әлемдегі басты халықаралық ұйыммен ынтымақтастық біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы басымдықтарының бірі болып қала береді. Әлемдік беделге, әмбебап мазмұнға және бірегей тәжірибеге ие БҰҰ бұрынғысынша барлық әлемдік істерде маңызды реттеуші рөл атқарып келеді» деді М. Тәжин әңгіме барысында.
 
Сондай-ақ ішкі тәжірибесінде ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту үлгісін пайдалана отырып, Қазақстанның Шығыс пен Батыстың арасындағы әмбебап «көпірдің» рөлін ойнауға талпынып отырғанын атап көрсеткен министр, БҰҰ Бас хатшысын 2009 жылдың қыркүйек айында өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезіне қатысуға шақырды. Сондай-ақ мұсылман әлемі мен Батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің алдағы қазан айында өтетін «Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы прогреске» халықаралық форумы туралы әңгімелеп берді.
 
Өз кезегінде Қазақстан экономикасының дамуына жоғары баға беріп өткен БҰҰ Бас хатшысы, азық-түлік дағдарысын еңсерудегі біздің еліміздің маңызды рөлін, сондай-ақ Қазақстан Президентінің құрлықтағы және жаһандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи халықаралық қарым-қатынастар тетігі ретіндегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысты бастамасын атап көрсетті.


ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS