Парламент Мәжілісінде, «Елдегі әлеуметтік жағдай, салық және бюджет кодекстерін заңнамалық жетілдіру» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып өтті
Билік тармақтарының бірлесе әрекет етуі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім еті.
«Былтыр да, биыл да біз депутаттармен бірнеше мәрте кездесіп, еліміздің ең өзекті мәселелерін талқыладық. Түрлі жағдайларға байланысты бірлескен шешім қабылдауды дәстүрге айналдырдық», деп сөз бастаған Үкімет басшысы, депутаттық корпусқа бірлескен шаралар үшін алғыс білдірді. К. Мәсімов сондай-ақ бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқтала отырып, атқарушы биліктің қазіргі ұстанған бағыты бойынша бірқатар секторларға жеке-жеке тоқталып өтті. Өткен жылғы АҚШ ипотекалық нарығының құлдырауы барлық елдердегі нарықтық дағдарысқа әкеп соқтырды. Оның салдарын бағалау үшін мына көрсеткіштерге көз жүгірсек те жеткілікті: Жыл ішінде американдық индекс доуджонс 25 пайызға, неміс индексі дакс 26 пайызға, ағылшындық индекс фуци 25 пайызға, жапондық никкей 32 пайызға, ал ресейлік биржа индексі ртс 42 пайызға құлдырады. Қазақстан бұл дағдарысты әлем елдерінің ішінде бірінші болып еңсерді», деді К. Мәсімов.
Сонымен бірге, Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасымен Үкіметтің қажетті шараларды дер кезінде қамтығанын, бұл бағыттағы депутаттық корпустың қолдауы нақты болғанын атап өтті. Мен билік тармағының қажетті сәтте осылайша бірлесіп әрекет етуінің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды екеніне сенімдімін. Жалпы алғанда, о бастан Елабысымыз ауызбірлікке, ынтымаққа негіздеп жасалған отандық басқару жүйесі осы жолы да өзінің өміршеңдігін көрсеті», деді Премьер-Министр.
Парламент Мәжілісінде, «Елдегі әлеуметтік жағдай, салық және бюджет кодекстерін заңнамалық жетілдіру» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов депутаттардан «Қаржылық тұрақтылық туралы» заң жобасын жедел тәртіппен қарауды өтінді.
Сөз арасында үлескерлер мәселесіне тоқталған Үкімет басшысы, жыл басынан бері бұл мақсатта 175 млрд. теңге бөлінгенін, оның ішінде 95 млрд. теңгенің екінші деңгейлі банктер арқылы өткізілгенін атап өтті. Бұл шараның өзі құрылыс саласын ғана емес, банктік жүйені де тұрақтандырған. «Ешқандайда банк ішкі және сыртқы міндеттемелер бойынша дефолтқа ұрынған жоқ. Жыл басынан бері олардың активтері 4,3 пайызға, жеке капиталдары 11,04 пайызға артты. Ішкі валюталық нарық та тұрақты. Дегенмен, банк активтері сапасының төмендеуіне байланысты проблемалар да бар. Осыған орай Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет Стресті активтер қорын құрады», деді К. Мәсімов.
Премьер-Министр осы бағытта Парламентте талқыланып жатқан «Қаржылық тұрақтылық туралы» заң жобасында қарастырылған тетіктерге де тоқтала келе, депутаттардан бұл жобаны жедел тәртіппен қарауды өтінді.
Қазақстандағы инфляция деңгейі ТМД кеңістігіндегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Премьер-Министр К. Мәсімов осылай мәлім етті.
«Үкімет жоспарлап, болжағандай ағымдағы жылдың 8 айында еліміздегі экономикалық өсім 105,2 пайызды құрады. Бүгінгі жағдайда бұл ең оңтайлы көрсетіш болып табылады, оның үстіне біз басты мәселе ретінде өзіміз белгілеген дәлізде инфляцияны ұстап тұруға баса назар аудардық. Ал ағымдағы жылдың тамыз айындағы көрсеткіш бойынша инфляция деңгейі өткен жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда, 7,5 пайыз болды. Бұл ТМД кеңістігіндегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады», деді К.Мәсімов.
Үкімет басшысының айтуынша, ағымдағы жылы еліміздегі агроөнерокәсіптік кешеннің өсімі де байқалады. Мәселен, соңғы 8 айда өндірістің жалпы өнімі былтырғы жылмен салыстырғанда, 20,2 пайызды құраған.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің бейнесөзін www.e.gov.kz сайтынан көре аласыздар
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |