Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин қыркүйектің 29-ында Нью-Йоркте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ханыммен және Түрікменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен екіжақты кездесулер өткізді
АҚШ мемлекеттік хатшысымен болған кездесуде тараптар аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.
«Азиядағы бүкіл заманауи геосаяси ахуал үшін Қазақстанның маңызды рольге ие екенін» атап көрсеткен К.Райс ханым, біздің елімізді «маңызды саналатын Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық жөніндегі ең сенімді серіктес» деп атады.
Марат Тәжин өз кезегінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың орнықты екенін айта келіп, осынау қатынастарды әрі қарай мазмұнды түрде толықтыра түсудің қажеттілігі туралы мәлім етті.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропаның қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету жайына тоқталған мемлекеттік хатшы, осынау беделді халықаралық ұйымға төрағалық барысында біздің еліміздің бастамаларына қолдау көрсетілетінін мәлім етті. Дипломаттар осы бағытта бірлескен консультациялар өткізіп отыруға келісті.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосының өкілдерін қазан айында Астанада өтетін мұсылман және батыс елдері сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы прогреске» конференциясына қатысуға шақырды.
Түрікменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен болған кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен
келешектегі бағыттары, Каспий өңіріндегі өзара іс-қимылдар мәселелері талқыланды. Марат Тәжин әріптесін қазан айында өтетін «Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы прогреске» форумына қатысуға шақырды
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |