Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > ҚР Президенті қатысуымен өткен Қазақстанның энергетикалық кешенінің дамуы және қысқа әзірлік мәселелеріне арналған кеңесте республика энергетикасының ағымдағы жай-күйі және қысқы маусымға даярлығы туралы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев баяндады.

ҚР Президенті қатысуымен өткен Қазақстанның энергетикалық кешенінің дамуы және қысқа әзірлік мәселелеріне арналған кеңесте республика энергетикасының ағымдағы жай-күйі және қысқы маусымға даярлығы туралы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев баяндады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Павлодарға  жасаған біркүндік сапары барысында ЖЭО-3-те болды.ҚР Президенті Қазақстанның энергетикалық кешенінің дамуы және қысқа әзірлік мәселелері талқыланған кеңеске қатысты. Н.Назарбаев егер шара қолданылмаса, еліміз электр қуатының тапшылығына ұшырауы мүмкін екендігін айтты. Бұл жағдай өңірлердегі өндірістің тежелуіне соқтыруы ықтимал.
            
Республика энергетикасының ағымдағы жай-күйі және қысқы маусымға даярлығы туралы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев баяндады.
 
“Самұрық- Энерго” АҚ басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев жаңа электр стансалары - Балқаш, Мойнақ, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын монтаждау құрылыстарына даярлықтың барысы туралы әңгімелеп берді.
 
Электр желілерінің және жаңа электр магистральдарының құрылыстары туралы «Кегок» АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиев хабарлама жасады.
 
Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне және облыс басшыларына электр стансалары мен жылу желілерінің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, алдағы қыста төтенше жағдайларға жол бермеуге тапсырма берді. Елбасы қысқа даярлық ойдағыдай жүргізіліп отырғанын, ірі көлемде отын жеткізілгенін атап өтті.
 
Басым міндеттердің ішінде Н.Назарбаев Балқаш жылу-электр стансасының құрылысын атады және инвесторларға конкурс өткізу және үздіктерін таңдау қажеттілігін пысықтай түсті.
 
Нұрсұлтан Назарбаев энергияны үнемдейтін құрал-жабдықтарды енгізуге және электр энергиясын тұрмыстық тұтыну мәдениетін тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлді. Бұл орайда, Батыс елдерінің тәжірибесін зерделеуді ұсынды. 
 
ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS