Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Париж сапары аясында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ұйымның бас директоры Коичиро Мацууромен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Париж сапары аясында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ұйымның бас директоры Коичиро Мацууромен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Париж сапары аясында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ұйымның бас директоры Коичиро Мацууромен кездесті. Бұл жүздесуге Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов те қатысты.

Кездесу барысында ЮНЕСКО мен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалық бағыттары қаралды. К.Мацууро ЮНЕСКО бастамаларын жүзеге асырудағы біздің республикамыздың қызметіне жоғары баға беріп өтті. «Мен Қазақстанмен арадағы байланысты одан әрі дамытуды қолдаймын», деді ол өз сөзінде.

2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасында білім, ғылым, мәдениет, ақпарат және коммуникация салаларындағы өзара іс-қимылдар жөніндегі қадамдарды қарастырған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

ҚазАқпарат 

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS