Астанада ашылған «Орталық Азиядағы микроқаржыландыру: бүгіні мен болашағы» атты VI аймақтық конференция барысында баяндама жасаған Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков ҚР Үкіметінің микронесиелік ұйымдарды дамытуға кеңінен мүмкіндік жасайтынына тоқталды
ҚР Үкіметі микронесиелік ұйымдарды дамытуға кеңінен мүмкіндік жасайтын болады. Бұл туралы қыркүйектің 18-інде Астанада өтіп жатқан «Орталық Азиядағы микроқаржыландыру: бүгіні мен болашағы» атты VI аймақтық конференция барысында Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлім етті.
«Үкімет микронесиелік ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударып келеді. Өйткені, дәл осы микроқаржыландырушы ұйымдар мыңдаған қазақстандық азаматтардың өзі ісімен шұғылдануына қол ұшын созып, септігін тигізіп отыр. Үкімет өз тарапынан микронесиелік ұйымдар мен несиелік серіктестіктерді дамытуға кеңінен мүмкіндік жасайтын болады. Бұл бағытта отандық және шетелдік инвесторларды тарту жағдайын жақсарта түсетін болады. Шағын кәсіпкерлік нысандары үшін әкімшілік кедергілерді жою шаралары жүзеге асырылады», деді Е. Мамытбеков.
Сонымен қатар, Астанадағы микроқаржыландыру мәселесіне арналған жиынның маңызына тоқталған вице-министр, басқосуда шағын несиелеуді одан әрі дамытудың жаңа басымдықтары айқындалатынына сенім білдірді.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |