Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің алқалы отырысында сөз сөйлеген агенттіктің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов агенттік алдында тұрған міндеттерге тоқталды
Қыркүйектің 18-інде Астанада Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің алқалы отырысы өтті.
Мәжілістің басты тақырыбы – ведомство мен оның аумақтық басқармаларының жұмысын Елбасы көрсеткен стратегиялық міндеттерді шешуға, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға қатысты болды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымовтің айтуынша, агенттіктің алдында мемлекеттік жаңа кадрлық саясатты қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру мәселесі тұр.
Алқа отырысында сондай-ақ, мемлекеттік қызметті кадрмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 2008 жылғы шілденің 1-індегі жағдай бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің саны 103704 адамды құраған. Оның 57,6 пайызы – әйелдер.Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жайы басты назарда.
«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Аймақтық және Еуразиялық орталықтарда 10164 маман білім алды. Қызметкерлерді оқытуға бөлінген қаржы – 681 млн. 232 мың теңге болса, қазақ тілін оқытуға 352 млн. астам қаражат қарастырылған. Сонымен бірге «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін шетелдерде жоғарылату» бюджеттік бағдарламасы бойынша, 231 млн. қаржы, жергілікті бюджеттен 270 млн. шамасында қаражатбөлінді», дейді Ғ. Әбдірахымов.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |