Астанада ашылған ТМД-ға мүше елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің мерейтойлық XXVIII мәжілісіне ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысып, сөз сөйледі
Қазанның 1-інде Астанада ТМД-ға мүше елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің мерейтойлық XXVIII мәжілісі өтуде. Оған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысып, сөз сөйледі.
Мәжіліске Қазақстан, Ресей, Беларус, Украина, Армения, Қырғызстан, Молдодова. Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары қатысуда. Сонымен қатар, шараға Румынияның монополияға қарсы органының басшылары байқаушы ретінде келіп отыр.
Мәжілісте елдераралық нарықтағы цементке, телекоммуникация саласындағы қызметтерге, азық-түлік тауарларына, мұнай өнімдерінің айналымына жүргізілген мониторингтің нәтижелері және Достастық мемлекеттердегі теміржол көлігін реформалау туралы мәселелер қаралуда. Бұдан бөлек, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңеске қатысушы мемлекеттердегі бәсекелестікті қорғау тәсілдері талқылануда. Жиында Достастық мемлекеттерінің сауда-экономикалық қатынастарын арттыруда өзара мүдделер басым болып отырған қазіргі уақытта ТМД-ға мүше елдердің монополияға қарсы органдарының өзара іс-қимылына деген қажеттіліктің ұлғая түскені айтылды. Қазіргі уақытта Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес ТМД-ға мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының өзара іс-қимылдары үшін жалғыз алаң болып табылады.
ТМД-ға мүше елдердің Монополияға қарсы саяат жөніндегі мемлекетаралық кеңесі 1993-ші жылғы желтоқсанның 23-де құрылған болатын. Биыл оған 15 жыл толады.
ҚР Үкіметі Бәсекелестікті қорғау агенттігі жанынан бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығын құру жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұл туралы ТМД-ға мүше елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің мерейтойлық XXVIII мәжілісінде аталмыш агенттіктің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, орталықтың жұмысына монополияға қарсы саясат саласындағы жоғары білікті мамандар мен ғалымдар, практиктер және шетелдік сарапшылар тартылатын болады. «Орталықтың директорлар кеңесіне бәсекелестік және монополияға қарсы саясат саласында халықаралық сарапшылар болып табылатын тәуелсіз директорларды енгізу ұсынылып отыр. Бізде
бүгіннің өзінде орталықтың қалыптасуына көмектесетін бірқатар халықаралық институттармен келісім бар», деді М. Есенбаев.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |