Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Маңғыстау облыс әкімдігінде өткен жиынға Қазақстанның Батыс өңірінде іс сапарда жүрген ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой қатысты

Маңғыстау облыс әкімдігінде өткен жиынға Қазақстанның Батыс өңірінде іс сапарда жүрген ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой қатысты

Маңғыстау облысына келіп жатқан оралмандар нөпірінің анағұрлым көптігі, олардың барлығын бірдей тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік бермей отыр.
Мұндай көмек республика азаматтары мен оралман мәртебесін нақтылайтын ресми куәлік алғандарға ғана көрсетілетіндіктен, елімізде 100 мыңнан астам адам тегін медициналық көмектен қалыс қалуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой айтты.

Осыған орай облыстағы көші-қон үрдісіне медициналық қадағалаудың жүргізілмеуі ана өлімі, бала өлімі, туберкулез дертінің көрсеткіштеріне әсер етіп отыр. Мәселен, елімізге ресми квота алуды күтпей-ақ, еңбек квотасымен келген қандастарымыз медициналық көмек көрсету ақылы болатындықтан, науқас бола тұрса да тиісті орындарға хабарласпайды екен.

Маңғыстау облысы әкімдігі бұл проблеманы биыл қаңтар айында ел Үкіметінің алдында қойғанымен, мәселе шешімін таппай ушыға түскен еді. Осы жиында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясын кеңейту мәселесі қайта көтерілді. Сондай-ақ жиында кадр жайы, жоғары технологияны қолданысқа енгізу туралы да сөз болды.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS