ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасады
Қазанның 1-інде өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
«Аталған заң жобасы 2007 жылы қараша айында Мемлекет басшысының Сирия еліне жасаған ресми сапарының нәтижесі негізінде берілген тапсырманың аясында әзірленді. Атап айтқанда, Елбасының осы сапарында Қазақстан мен Сирия арасындағы мәдени байланыстарға үлкен мән беріліп, аталған жобаларды жүзеге асыру туралы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі қозғалды. Сонымен қатар Н. Назарбаев Сирия президентімен бірге болашақ орталықтың орнына құты-капсула салып, ғұлама бабамыздың басына тағзым еткен болатын. Ал 2007 жылдың қазанында ҚР Үкіметі мен Сирия Араб Республикасы Үкіметі арасында Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салу және Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды», деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Министрдің айтуынша, келісімге сәйкес Қазақстан тарапы Сирия тарапына Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығы мен кесенесі
құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлейді.
« Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның өз ішінде ғана емес сырттағы, шетелдердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді де қорғауға алып, жөндеуге қатысуымыз қажет. Қазақстан мен Сирия Үкіметі арасындағы бұл келісім де осы талап тұрғысында жүргізіледі. Әрі Әл-Фараби мен Бейбарыс кесенесін қайта жөндеуден өткізу - шетелдегі қазақ тарихына қатысты ескерткішті жөндеуге қатысудағы біздің тұңғыш қадамымыз болып есептеледі», деді М. Құл-Мұхаммед.
Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберілетін болады.
Дамаск қаласындағы Әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс кесенесін салу мен қалпына келтіруге 2009 жылғы республикалық бюджеттен 472 млн. теңге шамасында қаржы қарастырылады.
«Дамаск қаласындағы Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салуға 2007 жылғы бюджеттен 448 млн. теңге бөлінген. Биылғы жылы 29 млн. 600 мың теңге, 2009 жылы 418 млн. теңге қарастырылып отыр. Ал Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтіруге бюджеттік бағдарлама бойынша 2007 жылы 88 млн. теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 54 млн. 200 мың теңге және 2009 жылы да 54 млн. теңге қаражат көзделеді», деді аталған заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Министрдің айтуынша, бұл жобаны толық жүзеге асыруды Қазақстанның «Қазреставрация» мамандандырылған мекемесі сириялық
әріптестерімен бірлесе жүргізетін болады. Сонымен бірге, бүгінгі уақытқа дейін атқарылған шараларға тоқталған М. Құл-Мұхаммед, екіжақты келісім бойынша Әл-Фарабидің кесенесін салуға арнайы жер бөлінгенін атап өтті. «Бұл бөлініп берілген орында 48 үй-жайлар бар екен. Сол үй иелеріне тиісті өтемақы төленіп, олар құлатылды. Осы жерден ендігі күні құрылыс алаңы жасақталып отыр. Алаңда келесі жылдан бастап бабамыздың тарихи-мәдени орталығы мен кесенесінің құрылысы жұмыстары басталады. Сол секілді Сұлтан Бейбарыстың көзі тірісінде бабамыздың бастамасымен салынған үлкен кесене бар. Бұл нысанның жұмысын да сириялық әріптестерімізбен бірлесіп, қайта жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», деді ол.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |