Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев Алматыда 3-ші Қазақстандық салық форумында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев Алматыда 3-ші Қазақстандық салық форумында сөз сөйледі

Қазақстанның жаңа Салық кодексін жүзеге асырудағы негізгі міндеттердің бірі - салық жүйесі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына ену. Бұл жайлы Алматыда өткен 3-ші Қазақстандық салық форумында айтылды.

«Жаңа Салық кодексін жүзеге асырудағы негізгі міндеттердің бірі – шикізаттық емес сектордың салықтық жүктемесін азайту. Оның ішінде экономиканы әртараптандыру мен елдің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында шағын және орта бизнес үшін жеңілдетілген салық жүйесін сақтау. Одан кейін өндіруші сектордың салықтық жүктемесін көтеру. Сондай-ақ Бүкіләлемдік банктің салық салу рейтингі бойынша, салық жүйесі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына ену», дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Салық кодексінің жаңа
жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ербол Орынбаев.

Шикізаттық емес сектордағы салықтық жүктемеде корпоративті кіріс салығының көлемі қазір 30 пайызды құрайды. Жаңа жобада оны 2009 жылы - 20 пайызға, 2010 жылы - 17,5 пайызға, 2011 жылы 15 пайызға дейін азайту көзделіп отыр. Онда қосымша құн салығын 13-тен 12-ге, әлеуметтік салықты 13,5 пайыздан 11 пайызға дейін төмендету қарастырылған. Ал Ресейде бүгінгі таңда корпоративтік кіріс салығы - 24
пайыз, қосымша құн салығы - 18 пайыз, әлеуметтік салық 26,2 пайызды құрауда.
Е. Орынбаевтың айтуынша, өндіруші сектордағы салық жүктемесін арттыруда роялти/пайдалы қазбалар өндіру салығын (НДПИ) қазіргі 2,6
пайыздан 2009 жылы - 5,18, 2010 жылы - 6-19, ал 2011 жылы 7-20 пайызға дейін өсіру қарастырылған. Онда рента салығын да бүгінгі
таңдағы 1,33 пайыздан (20-40 АҚШ доллары), 2009 жылдан бастап 32 пайызға (20-200 АҚШ доллары) көтеру көзделіп отыр.

Осы форумда сөйлеген сөзінде :«Мен үшін ең маңыздысы – пікірсайыс, қызығушылығы әрқилы адамдар мен компаниялардың пікірін тыңдау. Бұл жиын барша жұртшылық үшін маңызды деп ойлаймын»-деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шара биыл «Қазақстаның салық жүйесін реформалау және жаңа ҚР Салық кодексінің жобасы» деп аталатын тақырыппен өтіп жатыр. Оны ұйымдастырған Қаржы және салық құқығы ғылыми-зерттеу институты, ҚР Салық төлеушілер қауымдастығы мен «Салық және қаржы» журналы.

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік пен салық салу рейтингі бойынша Қазақстан 178 елдің ішінде 44-ші орында тұр. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан 3-ші Қазақстандық салық форумында айтылды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Салық кодексінің жаңа жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ербол Орынбаевтың айтуынша, Бүкіләлемдік банктің 2006 жылға жасаған бағалауында Қазақстан үздік елудің қатарына кірді. Онда көршілес мемлекеттерден Ресей 130-шы, Өзбекстан 159-шы, Қытай 168-ші сатыда орналасқан.
Қазақстан жалпы салық жүктемесі жағынан 58-ші, салық есебін дайындау мен салық төлеуге жұмсалатын уақыт көрсеткіші жағынан 105-ші орында тұр. Көршілерімізден жалпы салық жүктемесі жағынан Ресей 131-ші, Қытай 163-ші, Өзбекстан 170-шы орында, ал салық есебін дайындау мен салық төлеуге жұмсалатын уақыт жағынан Өзбекстан 65-ші, Ресей 151-ші, Қытай 167-шы орында орналасқан.
«БЭФ-тың 2007-2008 жылға жасаған бағалауы бойынша еліміз ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 61-ші орын алады. Онда салықтық реттеулер мен салық жүктемесі Қазақстанда бизнес жүргізудегі негізгі кедергі ретінде бағаланып отыр», дейді Ербол Тұрмаханұлы.

Қолданыстағы салық жүйесінің ең негізгі мәселелерінің бірі - салықтық әкімшілік сапасының төмендігі. Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев Алматыда өткен 3-ші Қазақстандық салық форумында айтты.
Ербол Тұрмаханұлының сөзіне қарағанда, қолданыстағы салық жүйесінде бірнеше түйткілді мәселе бар. Ол – салықтық әкімшілік сапасының төмендігі, салықтық есептілік ауқымының үлкендігі, салық кодексі нормаларын құзырлы органдардың әрқилы түсіндіруі, заңның тіке әрекет етпеуі, салықтық жеңілдіктер санының көптігі және қолданыстағы салық кодексінің жаңа экономикалық қатынастарға бейімделмеуінде.
         
«Мәселен, салықтық әкімшіліктегі салық төлеушілердің өзекті проблемалары - салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша шағымдану,
артық төлеген салықты есептеу мен қайтару, бюджеттен ҚҚС (НДС) сомасын қайтару жайы және салықтық тексерулердің ұзақтығы. Салықтық есептілік көлемінде құзырлы органдарда бекітілген барлық салықтар бойынша салықтық есептіліктің негізгі үлгілерінің жалпы саны заңды тұлғалар үшін - 33, жеке тұлғалар үшін - 26. Үлгінің көлемі корпоративтік кіріс салығында 170 бет, қосымша құн салығында 60 бетке жуық. Салық кодексі нормаларын түсіндіруде осы уақытқа дейін Қаржы министрлігінің Салық комитетіне 850-ге жуық түсіндіру хаттары бағытталған. Кодексте қарастырылған жаңадан жасалуға тиісті құқықтық нормативтік актілердің саны 300-ден астам.
 
Ал жеңілдіктердің саны 135 болып отыр», дейді ҚР Салық кодексінің жаңа жобасын жасап жатқан жұмыс тобына жетекшілік жасайтын ҚР
Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаев.


 

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS