Көкшетауда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның көшпелі отырысында Индустрия және сауда министрі В.Школьник және Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Жаңасаев баяндама жасады.
Қазанның 1-інде Көкшетауда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның көшпелі отырысы өтіп, рәміздерді дайындау, орналастыру, насихаттау мәселелері қарастырылды.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде: «Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін біздің ортақ үйімізде патриоттыққа тәрбиелеуде, бейбітшілік пен келісімді нығайтуда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістердің жаһандануы және Қазақстанның халықаралық ынтымақтастыққа енуі патриоттық тәрбие беру міндетінің ерекше өзектілігін көрсетуде. Бұл маңызды жұмыстың табысқа жетуі мемлекеттік органдардың, отбасылардың, мектептердің, көпшіліктің аталған бағыттағы жұмыстарға белсенді қатысуына байланысты. Біз күшімізді біріктіре отырып, тәуелсіз Қазақстанның өз Отанын, оның Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеп және шынайы сүйетін нағыз патриоттарын тәрбиелей аламыз. Бүгінгі таңда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ішкі саясат саласында ұлттың тұрақты дамуын, халықтың бірлігін, мемлекеттілікті нығайту және болашаққа деген сенімді басты нысана етіп белгілеп отыр. Осы тұрғыда мемлекеттік рәміздердің маңызы өте жоғары», деп атап өтті.
Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бөлімдерінде әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беру және
мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жұмыстары; Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарында мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласындағы атқарылған істер; мемлекеттік рәміздерді дайындау кезінде мемлекеттік стандарттардың сақталу жағдайы жөніндегі есептер тыңдалды. Отырыс барысында Ақмола облысының әкімі А.Рау, Атырау және Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары С.Рысқалиев пен Р.Жұмабекова, Индустрия және сауда министрі В.Школьник және Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Жаңасаев баяндама жасады.
Мемлекеттік хатшы өз кезегінде Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының Қараөткел және Воздвижен селолық округтерінің әкімдіктерінде, Екібастұз қалалық салық инспекциясы комитеті мен Павлодар қаласының әкімдігінде мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен мағынасыз жарнамамен қатарластыру сынды келеңсіздіктер бар екендігін атап көрсетті. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік рәміздерді дайындайтын кәсіпорынның жұмыстарына айтылған сынды алдағы жыл басында ретке келтіру тапсырылып, үгіт-түсінік жұмыстарын жандандыруға бағытталған ұсыныстар қабылданды.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |