Алғашқы сегіз айда былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері және қазынаға түскен салық түсімдері артты
Аталған пікірді Астанада ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.
2008-ші жылғы қыркүйектің 1-гі жағдай бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 1 трлн. 266,6 млрд. теңгені құрады және ағымдағы кезеңдегі жоспар 99,5 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.
«2007-ші жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 26,2 пайызға ұлғайды. Егер өткен жылдың сегіз айы мен осы жылдың сегіз айын алып қарасақ, салық түсімдері 19,9 пайызға ұлғайды», деді Б. Жәмішев кездесуде.
Оның сөзіне қарағанда, есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 1 трлн. 723,6 млрд. теңге салық түсімдері және 45,7 млрд. теңге салықтық емес түсімдер түскен. Бұлар ағымдағы кезеңдегі жоспардың тиісінше 100,4 және 118 пайызы. Негізгі капиталды сатудан түскен түсім 34,8 млрд. теңгені, трансферттер түсімі 426,5 млрд. теңгені құрады.
Жалпы былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері және қазынаға түскен салық түсімдері
ұлғайғандығына тоқталған министр: «Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз - әлемдік экономиканың құрамдауыш бөлігі ретінде біздің мемлекет әлем нарығындағы қаржылық қиындықтарды сезінгенімен де елімізде бюджеттің қалыпты орындалып жатқанын, сондай-ақ мемлекет өзінің барлық міндеттерін орындап жатқанын білдіред», деді.
Б. Жәмішев 2008-ші жылдың қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 2 трлн. 185,9 млрд. теңгеге жүргізілгендігін жеткізді. Бұл есепті кезеңдегі жоспардың 94,7 пайызы. 2007-ші жылдың тиісті кезеңіне қарағанда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 30,5 пайызға ұлғайған.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |