Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың төрағалық етуімен ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болды
Қазанның 2-сінде Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың төрағалық етуімен ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болды.
Мәжілісте «Республикадағы ауылдық аумақтардың дамуын 2009-2011 жылдары жергілікті бюджеттерден қаржыландыру» тақырыбында Ауылдық аумақтар ісі жөніндегі комитет төрағасы С. Тұнғышбеков баяндама жасады.Комиссия отырысының жұмысына тиісті министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ облыс әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Комиссияда ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2007 жылдардағы қаржыландыру және оларды 2009-2011 жылдары дамытудың жоспарлары қарастырылды.
2004-2007 жылдары қаржыландырудың барлық көздерінен республиканың ауылдық аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына 317,1 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 121 млрд. теңге республикалық бюджеттен, 145,3 млрд. теңге жергілікті бюджеттерден және 50,9 млрд. теңге басқа да көздерден.
2004-2007 жылдары жергілікті бюджеттерден орташа есеппен әр ауылдық елді мекенге 20,3 млн. теңгеден бөлінген. Жергілікті бюджеттер қаражаттарының 33 пайызы - ауылдық білім беру саласына, 27 пайызы –жергілікті маңызды автомобиль жолдарына, 16 пайызы –денсаулық сақтауға және 10 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
2004-2007 жылдары республика бойынша жергілікті бюджет қаражаттар есебінен құрылыс пен қайта жаңғыртуға 381 білім беру нысандары, 238 денсаулық сақтау нысандары, 764 ауыз су беру жүйесі нысандары, 127 мәдениет, туризм және спорт нысандары және 320 шақырым жергілікті маңызды жолдар, ал күрделі жөндеумен 2920 білім беру нысандары, 2604 денсаулық сақтау нысандары, 412 ауыз су беру жүйесі нысандары, 684 мәдениет, туризм және спорт нысандары, 872 шақырым жергілікті маңызды жолдар қамтылған.
Қолданған шараларға қарамастан, ауылдық елді мекендерде мектептердің сыйымдылықтан артық толымдылығы, апаттық жағдайы, денсаулық сақтау нысандарының бейімделген және жалдамалы мекен-жайларда орналасуы, мәдениет нысандарының жетіспеушілігі мәселесі шешілмей отыр.
Отырыс барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тасымалданатын және орталықсыздандырылған ауыз су жүйесі бар ауылдық елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету және жергілікті автомобиль жолдарын дамыту бағыттары белгіленді.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кедейшілік деңгейін төмендету үшін ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры тарапынан құны 7,5 млрд.теңге болатын 47 мың шағын несие бөлінді.
Жергілікті атқарушы органдарға ауылдық тұрғындардың шағын несиеге қажеттілігін есептей отырып, шағын несиелеуге жетіспейтін қосымша қаражаттың көлемін анықтау және ауылдық тұтынушылар кооперативтерінің жүйесін және өндірілген өнімді өткізетін дайындау қосындары желісін дамыту ұсынылды.
Қазақпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |