Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Еуразия ұлттық университетінде өз жұмысын бастаған Қазақстанның жаңашыл педагогтарының 2-ші республикалық форумында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп,ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады

Еуразия ұлттық университетінде өз жұмысын бастаған Қазақстанның жаңашыл педагогтарының 2-ші республикалық форумында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп,ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады

Қазанның 3-інде Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңашыл педагогтарының екінші республикалық форумы басталды.
 
Шараға еліміздің білім саласы мекемелерінің өкілдері мен үздік ұстаздар қауымы қатысуда. Ұстаздарды төл мерекелеріне орай құттықтаған Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев: «Мемлекеттің білім саласын әрі қарай жетілдіріп, оны дамытуда жаңашыл ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Сіздердің тың ойлар мен жаңа идеяларыңыз - білім саласының дамуына серпін беретін қуатты күш. Сондықтан да, біз бүгін сіздермен бас қосып, осы саладағы үлкен тәжірибелеріңізбен танысуды мақсат етіп отырмыз», деді.
 
Сонымен қатар, ол еліміздің білім саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында республикада көптеген шаралар атқарылып жатқандығын айтып, ұстаздар қауымын осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен және болашақ жоспарлармен таныстырды.
 
Жиын барысында жас ұстаздар Қазақстан тарихында алғаш рет өздерінің кәсіби мамандығын адал атқаратындығы жөнінде ант береді. Форумға қатысушылар қоғам және бизнес құрылымдары өкілдеріне білім беру мекемелерін жан-жақты қолдау туралы Үндеу жолдамақ. Бұдан соң форумның жұмысы орта білім беру, техникалық және кәсіби білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім алу мәселелеріне байланысты арнайы секцияларда жалғасады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS