Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Арселлор Миттал» компаниясының директорлар кеңесінің президенті Лакшми Митталмен кездесуінде Қарағанды металлургиялық комбинатына қатысты өндірістік маңызды мәселелерді талқылады

ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Арселлор Миттал» компаниясының директорлар кеңесінің президенті Лакшми Митталмен кездесуінде Қарағанды металлургиялық комбинатына қатысты өндірістік маңызды мәселелерді талқылады

Қазанның 3-і күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Арселлор Миттал» компаниясының директорлар кеңесінің президенті Лакшми Митталмен кездесті.

Тараптар Қарағанды металлургиялық комбинатына қатысты өндірістік маңызды мәселелерді және «Арселлор Миттал» компаниясының инвестициялық жоспарын талқылады.

Премьер-Министрге Қарметкомбинаттың ағымдағы жағдайы туралы мәселені хабардар ету барысында Л. Миттал, «компания өз өнімдеріне сұраныстың азаюына әсер еткен жаһандық экономикалық дағдарыс салдарымен бетпе-бет келді» атап өтті.

«Біздің тұтынушыларымыз құрышты аз сатып алуда, өнім бағалары төмендеуде. Сондықтан ағымдағы жағдайда біз өндіріс қарқынын төмендету жайлы шешім қабылдадық. Қазіргі уақытта біз өнімге деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өндірістік жоспармен жұмыс істейміз, бұл өндірісті арттыруы тиіс»,- деді Л. Миттал.

Ол Қарағанды метталлургиялық комбинаты «Арселлор Миттал» құрамындағы, толық вертикальды кіріккен өндірісі, инфрақұрылымы, көмір шахтасы бар ең мықты өндірістік компания болып табылады» деп атап ерекше тоқталды. Л. Миттал «бұрын бекітілген жоспарларды ұстана отырып, «Арселлор Миттал» жаһандық экономикалық дағдарыс әкелген проблемаларға қарамастан, Қазақстандағы инвестициялық бағдарламаларды жалғастыру ниетінде екенін» жеткізді.

«Біз келешекте де Қазақстанға, соның ішінде Қарметкомбинатқа инвестияция салып, оның өндірістік қуатын еселей түсетін боламыз»,- деп сенім білдірді метталлургиялық комбинаттың басшысы.

К. Мәсімов толықтай алғанда компанияны дамытудың перспективалық жоспарын мақұлдады. Сонымен қатар, ол «Үкімет үшін бүгінгі күні компания жұмысының ағымдағы жылғы тұрақтылығы маңызды» деп айрықша атап көрсетті.

«Біз үшін ең басты мәселе – Қарметкомбинаттың жұмысшылары. Сыртқы факторлардың әсер етуіне қарамастан, жұмысшылар әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы тиіс. Компания менеджменті қысқа мерзімді демалыс созылып кетпес үшін тиісті жұмыстар атқаруға бағытталуы керек»,- деді Премьер-Министр.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS