Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Астрахан қаласында өткен Каспий өңірі елдерінің Үкіметаралық экономикалық конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады.

Астрахан қаласында өткен Каспий өңірі елдерінің Үкіметаралық экономикалық конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады.

Қазанның 3-4-і күндері Астрахан қаласында Каспий өңірі елдерінің Үкіметаралық экономикалық конференциясы болып өтті.
Екі күнге созылған мәслихат аясында Ресей, Иран, Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан үкіметтерінің ресми делегациялары мен ірі халықаралық компаниялардың өкілдері Каспий жағалауы аймағының инвестициялық тартымдылығын талқылады.
Оған Каспий өңірі мемлекеттері басшыларының орынбасарлары, салалық министрліктердің жетекшілері, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты.
 
Конференция барысында «Каспий өңірі мемлекеттері арасында экономикалық ынтымақтастықтың болашағы» деген тақырыпта жалпы мәжіліс болып өтті. Онда энергетикалық ресурстарды игеру проблемалары, Каспий өңірінде пәрменді инфрақұрылымды, мультимодальды тасымалдарды дамыту мәселелері, «Каспий экономикалық ынтымақтастық ұйымын» құру мәселесі талқыланды. Үкімет басшылары орынбасарларының қатарында Қазақстанның атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады.
 
Сонымен қатар, бірнеше бағытта сессиялық отырыстар да өткізілді. «Каспий өңірінде мультимодальды тасымалдарды дамыту және Каспий өңірі елдерінің көлік саласындағы ынтымақтастығын нығайту болашағы» деген тақырыпты өткен сессиялық отырысқа ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек қатысып, баяндама жасады. Отырыс барысында порт инфрақұрылымын дамыту, Каспий өңірінде темір жол-паром қатынасын жолға қою, мультимодальды тасымалдарды дамыту мәселелері талқыланды.
 
«Каспий өңірі елдері өкілдерінің келіссөздерінде экономикалық сипаттағы көптеген мәселелер қаралды», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Шөкеев.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS