Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Латвия Президенті Валдес Затлерспен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Латвия Президенті Валдес Затлерспен кездесті

Тараптар екі жақты қазақстан-латвия қарым-қатынастарының даму перспективалары мен жағдайын талқылады.

Қазанның 1-і күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Латвия Президенті Валдес Затлерспен кездесті.

К. Мәсімов Қазақстан мен Латвия экономиканың әр түрлі салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамыту қажеттігін, сондай-ақ бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге әрекет етулері керек екендігін атап өтті.

Тараптар энергетикалық, көлік және ауыл шаруашылық саласындағы, ақпараттық және коммуникациялық технология, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, туризм мен спорт салаларындағы екі жақты экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамытуға мүделілік білдірді.

Сонымен бірге Қазақстан мен Латвияның экономикалық өзара іс-қимыл әлеуеті тауар айналымы операциясынан сапалы өзара іс-қимылдың жаңа түріне - әр түрлі саладағы жүйелі инвестициялық жобаларды іске асыруға өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

В. Затлерс келешекте «Қытай-Қазақстан-Ресей-Балтия» көлік дәлізін пайдалануда және іске асыруда қарқынды өзара іс-қимыл Қазақстан үшін – Еуропаға, Латвия үшін – Азияға қақпа ашатынын» атап көрсетті.

Кездесудің соңында тараптар қазақстан-латвия экономикалық қарым-қатынастарының келешектегі дамуы табысты болатынына сенім білдірді.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

 

 

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS