Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті
Кездесуде еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласында қордаланып қалған мәселелер талқыланды.
Қазанның 7-сінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуде еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласында қордаланып қалған мәселелер, атап айтқанда «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы қолданыстағы заңды жетілдіру, қазақстандық телеарналарды отандық бағдарламалармен және төл кино өнімдермен қамтамасыз ету, телевизиядағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту сынды бірқатар көкейкесті мәселелер талқыланды.
Қазіргі таңда БАҚ туралы қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірлеу аяқталып қалғандығына тоқталған министр: «Заңға енгізілетін өзгерістер ең алдымен тіркеу және есепке алу процедурасын, тұтастай алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін жеңілдетуге бағытталған», деді. Министр жиналғандарды заңға енгізілгелі отырған бірқатар өзгерістер туралы құлақтандырды. Сонымен қатар, осы күндері «Мәдениет туралы» заң жобасын әзірлеу аяқталып қалғандығына тоқталған ол, еліміздегі БАҚ өкілдерін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.
«Мемлекеттік қызметші мемлекетке билік жүргізуге емес, мемлекетке қызмет істеуге жаратылған адамдар. Сондықтан мемлекеттің саясатын,
қоғамдық пікірді қалыптастыратын Сіздер болғандықтан, екі тарап кез-келген мәселені бір-бірінің бет-жүзіне қарай отырып ашық талқылайтын болса, көптеген проблемалық мәселелер өзінен-өзі күн тәртібінен түсіп қалады», деп қосты министр.
М. Құл-Мұхаммедтің пікірінше, «Бас редакторлар клубы» бас редакторлардың басын қосатын ұйым ғана емес, сонымен бірге ол бұқаралық ақпарат құралдары саласында қордаланып қалған проблемаларды шешуге және БАҚ туралы заңды жетілдіруге ұсыныстар қабылдайтын да орын. «Бұл әріптестеріміздің батыл идеялары және үздік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, бір-бірімен тәжірибе алмасатын да орын. Сондықтан кез-келген мәселені ашық, бүкпесіз жағдайда талқылайтын мұндай клубтың жұмысы екі жаққа та қажет», дейді министр.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |