Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы К.Мәсімов «ИСТ» компаниясы тобының вице-президенті Николай Добриновті қабылдады

Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы К.Мәсімов «ИСТ» компаниясы тобының вице-президенті Николай Добриновті қабылдады

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «ИСТ» компаниясы тобының вице-президенті Николай Добриновпен кездесті.

Кездесу барысында жүк вагондарына арналған жаңа буынды теміржол тіркемелерін шығаруға қатысты құю цехы зауытының құрылыс жобасы туралы мәселе талқыланды.

Премьер-Министр ресейлік компанияның инвестициялық ұсынысын мақұлдап, жобаны дереу іске асыру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі