Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Астанада Азия кеңесі күні мейрамының меймандарын салтанатты қабылдау кезінде ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин сөз сөйледі

Астанада Азия кеңесі күні мейрамының меймандарын салтанатты қабылдау кезінде ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин сөз сөйледі

«Қазіргі уақытта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨІСШК) өз қызметін практикалық, қолданбалы кеңістікте өткізудегі өте маңызды кезеңде тұр. Мен біздің барлығымыз ортақ күш-жігерімізбен осыған қол жеткізе аламыз деп білемін». Қазанның 7-сі күні Астанада Азия кеңесі күні мейрамының меймандарын салтанатты қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин осылай айтты.

Қабылдауда М. Тәжин Қазақстан Президентінің 1992-ші жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында Азия кеңесін шақыру туралы жасаған ұсынысы бүгінгі таңда халықаралық байланыстардың нақты факторына айналып, Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қолдау тетігі ретінде қызмет етіп отырғандығын атап өтті.

«Өзінің таңдандырарлық әралуандылығымен танылған біздің ортақ үйіміз - Азия барлық қырынан күрделі ерекше құрлық. Алайда, өкінішке қарай, бүгінгі таңда бұл құрлық қауіп-қатерлер мен қайшылықтардың үлкен ауқымымен сипатталып отыр. Десек те, әлемдік өркениеттің және қайырымдылық пен ізгілікке шақыратын ислам, христиан, буддизм және иудаизм сынды діндердің бесігі болып табылатын Азияда бағзы замандардан бері мәдениеттер, дәстүрлер және әлем идеялары, төзімділік тәрбиеленді, проблемалар қарумен емес, сөзбен шешілді.
Ғасырлардан бері осы құрлықтың қақ ортасында өмір сүріп келе жатқан қазақ халқында «Піл көтермегенді тіл көтереді», деген нақыл кездейсоқ айтылмаған», деді М. Тәжин.

«Сондықтан, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында біздің Мемлекеттің басшысының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі үдерісін шақыру туралы бастамасының өміршеңдігі мен көкейкестілігі түсінікті бола бастады. Диалог үшін жалпықұрлықтық тұғырнаманы құру, ынтымақтастық мәселесі бойынша ымыраға келу және қауіпсіз Азияны құру мақсатында сенім шараларын жүзеге асыру Кеңестің негізгі өзегі болып табылады», деп атап көрсетті ҚР Сыртқы істер министрі өз сөзінде.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS