Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Алматыда «KIOGE-2008» халықаралық көрме-конференциясы аясында мұнай-газ тақырыбына арналған халықаралық мәслихат жұмысы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың кіріспе сөзімен ашылды

Алматыда «KIOGE-2008» халықаралық көрме-конференциясы аясында мұнай-газ тақырыбына арналған халықаралық мәслихат жұмысы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың кіріспе сөзімен ашылды

Қазанның 8-інде Алматыда «KIOGE-2008» халықаралық көрме-конференциясы аясында мұнай-газ тақырыбына арналған халықаралық мәслихат ашылды.

Конференция жұмысы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Сондай-ақ, «Әлемдік мұнай-газ нарығындағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Қайыргелді Қабылдин, Ұлыбританияның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілі Крейг Джонс, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Стивен Р. Манн, Ресейдің ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Вадим Густовтың баяндамалары тыңдалды. Екі күнге жалғасатын мәслихатта мұнай-газ саласындағы ірі компания өкілдерінің баяндамалары тыңдалмақ. Олар әлемдік мұнай нарығындағы Қазақстанның рөлі, Қазақстандағы барлау және өндіру, инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар, заңнама, салық салу, Қазақстандағы сервистік сектор, аймақтық дамыту, Қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау мәселелерін талқылайды.
Мыңнан астам делегат қатысып жатқан конференцияда мұнай өнеркәсібінің, мұнай өңдеу, мұнай-химия өнеркәсібінің барлық салаларындағы және өнеркәсіптің газ саласындағы өндіріс және басқару ісінің, мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау саласының, экологтардың, қоғамның ізгілік пен әлеуметтік салаларының, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері бас қосып отыр

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS