Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобасын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобасын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды

Жоба бірінші оқылымда тұжырымдамалы түрде мақұлданды.

Қазанның 8-інде ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобасы бірінші оқылымда тұжырымдамалы түрде мақұлданды.
 
Аталған кодекстің жобасы Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. «Бұл заң жобасының негізгі идеясы мемлекеттік органдардың қызметін жоспарлаудан қаржылық бақылауға дейінгі нақты нәтижелерге қол жеткізу, қайта бағдарлау болып табылады. Сонымен бірге жаңа редакциядағы Бюджет кодексі бірқатар негізгі салаларды қамтып отыр. Атап айтқанда, бұл нәтижеге бағдарланған үшжылдық бюджетті жоспарлауға көшу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджетті атқару кезінде барынша жоғары дербестіктер беру, мониторингтік бақылау мен нәтижелерді бақылаудың кешенді жүйесін енгізу, басқарушылық есептіліктің жаңа нысаны мен қоғамдық секторға арналған қаржылық есеп-қисапты халықаралық стандарттарға кезең-кезеңімен көшіру болып табылады. Сонымен бірге, кодекске сәйкес 2010 жылдан бастап жергілікті деңгейде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа үлгісін енгізу болжануда», деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов. Министрдің айтуынша, кодекс жобасы бюджет үдерісін оның барлық сатыларында жаңадан ұйымдастыру үшін құқықтық негіз жасауға септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, жоба бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік биліктің дербестігі мен жауапкершілігі, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру көзделеді.
 
Сонымен қатар, кодекс жобасында бірқатар негізгі жаңалықтар да қарастырылып отыр. Атап айтқанда, бюджет үдерістеріне
қатысушылардың өкілеттіліктерін нақтылау және тәптіштеп көрсету, орта мерзімді жоспарлауға көшу секілді шаралар қамтылған.
 
Бірінші оқылымда тұжырымдамалы түрде мақұлданған кодекс жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылды.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS