Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Елбасы Таразда Қазақстанның химиялық өнеркәсібі мәселелеріне арналған республикалық кеңесті ашты

Елбасы Таразда Қазақстанның химиялық өнеркәсібі мәселелеріне арналған республикалық кеңесті ашты

Қазақстанның химиялық өнеркәсібі мәселелеріне арналған республикалық кеңеc жұмысына Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, «Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Арман Дунаев қатысты.

 

Қазанның 9-ында Таразда «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалдарының бірі – Жаңажамбыл фосфор зауытының ғимаратында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның химиялық өнеркәсібі мәселелеріне арналған республикалық кеңесті ашты.

«Үлкен химия» қаласында осындай деңгейде алғаш рет өткізіліп отырған кеңес жұмысына мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері - Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, «Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Арман Дунаев қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, химиялық өнеркәсіпті дамыту мәселесі Таразда талқыланып отырғаны кездейсоқ еместігін айтып өтті. Бұл аймақ Қазақстанның химиялық өнеркәсібінің тарихи орталығы іспетті.

«Фосфор қоры бойынша Қазақстан әлемде төртінші орында. Бізде өндіріліп жатқан құрамында фосфоры бар кеннің 4 миллиард тонна, болжанған кеннің 15 миллиард тонна қоры бар. Қазақстан химиялық саладағы ең ірі жеткізілімші бола алады. Басынан өткізген
қиыншылықтарға қарамастан, сала өзінің әлеуетін сақтап қалып отыр. Біз бүгінде химия өнеркәсібінің проблемаларын кешенді түрде қарап шығуымыз керек, бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын», - деді Н.Назарбаев.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS