Әдебиет және өнер саласындағы 2008 жылғы Мемлекеттік сыйлықтарды тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысында жұмыстарға берілген бағалар жөнінде комиссия төрағасының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндады
Елбасының Алматыдағы резиденциясында қазанның 9-ында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың қатысуымен Әдебиет және өнер саласындағы 2008 жылғы Мемлекеттік сыйлықтарды тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың тамыз айында комиссия Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 37 жұмыстың бесеуін қорытынды отырыстың қарауына шығару туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында - ақын С.Айтұлының «Тоғыз тарау» өлеңдер жинағы мен С.Ақсұңқарұлының «Төбемнен жауһар жауып тұр» өлеңдер жинағы, композитор К.Дүйсекеевтің «Астана» симфониясы мен опера әншісі Майра Мұхамедқызының концерттік бағдарламасы және «Астана қаласының дөңгелек алаңы» авторлық ұжымының сәулет жобасы бар.
Үш ай бойына аталған жұмыстар танысу және талқыға салу үшін жұртшылықтың назарына ұсынылды. Жұмыстарға берілген бағалар мен олар туралы бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде берілген жарияланымдар туралы бүгінгі мәжілісте комиссия төрағасының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндады.
«Мемлекеттік сыйлықтар биылғы жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалатын болады. Бұл жайт сыйлықтардың мәртебесі мен беделін көтеріп қана қоймайды, сонымен бірге номинантшығармаларға қойылатын талаптарды қатайтады, жалпы комиссияның және бүгінгі отырысқа әрбір қатысушының жауапкершілігін арттырады. Сыйлық Қазақстанның көркемдік қазынасына шын мәнінде лайықты үлес қосып отырған туындыларға берілуі керек», - деп мәлім етті Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев талқылаудың қорытындысы бойынша.
Комиссия бүгінгі талқылаудың қорытындысы бойынша Президентке ұсыныс жасау туралы шешім қабылдады.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |