ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметовтің қатысуымен Көлік және коммуникация министрлігі мен Bombardier Transportation GmbH компаниясы арасындағы түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды
10 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және Bombardier Transportation GmbH компаниясы арасындағы түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі болып өтті. Меморандумға ҚР Көлік және коммуникация министрлігі атынан вице-министр Жеңіс Қасымбек, ал Bombardier Transportation GmbH атынан компанияның вице-президенті Крис Антопоулус қол қойды.
Тараптар өздерінің мүмкіндіктерін және қолданыстағы заңнамаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы темір жолмен тасымал жөнінде ұзақ мерзім бойы дамыту мен Қазақстан Республикасындағы жолаушылар темір жол вагондары паркін қалпына келтіру бағыттарында ынтымақстатықты дамыту ниеттерін білдірді. Онда да Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ВТ компаниясына осы жоспарды жүзеге асыруда барынша көмек көрсететін болады. Бұдан тыс, Тараптар жолаушылар темір жол вагондарының қозғалмалы құрамының персоналын дайындауда өзара тәжірибе алмасатын болады.
Тараптар Қазақстан Республикасындағы темір жол тасымалын дамытуға септесу мақсатында ақпараттармен алмасып тұратын болады, оның ішінде: ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу; темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі базасын қолдау; темір жол саласы бойынша институционалдық, экономикалық және техникалық ынтымақстастықты қолдау жөнінде ақпараттар алмасылады.
Тараптар ынтымақтастыққа септесу мақсатындағы қажетті әрекеттерді талқылау үшін үнемі кездесіп отырмақшы, сонымен бірге бірлесіп жұмысшы топтарын құрып, мүдделі мәселелерді талқылау үшін мәжілістер өткізіп отыратын болады.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіҚұжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |