ҚР Ішкі Істер министрі Б.Мұхамеджановтың қатысуымен Ішкі істер министрлігі жанындағы Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің 6-шы отырысы өтті
Жиында «Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар» мәселесі талқыланды.
Соңғы 10 жылда Қазақстан жолдарында орын алған апаттардан 28 мыңнан астам адам қаза тапты, 90 мыңнан астамы жарақаттанды. Бұл туралы бүгін Алматыда бейнеселекторлық режімде өткен Ішкі істер министрлігі жанындағы Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің 6-шы отырысында ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті.
«Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар» мәселесі талқыланған селекторлық бейнекеңеске сондай-ақ, барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері мен көліктегі ІІД-нің басшылары қатысты.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоғамдық кеңесте жол қауіпсіздігі мәселесін екі рет қарады. Бұл негізсіз емес, өйткені, Қазақстан
жолдарында орын алып жатқан қайғылы оқиғалардың көрсеткіштері алаңдатарлықтай. Соңғы 10 жылда Қазақстан жолдарында болған оқиғалардан 28 мыңнан астам адам көз жұмса, тағы 90 мыңы жарақаттанды. Бұл келеңсіз жайттар көлік санының артуымен де байланысты.
Үкімет мақұлдап, Елбасы қол қойған «Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту» Заңы 2008 жылғы тамыздың 1-інде қолданысқа енгізіліп, өз нәтижесін бере бастады. Мәселен, соңғы екі айда жолдағы апаттардың саны 15 пайызға және өлім оқиғасы 21 пайызға азайды. Яғни, бұл осы уақыт аралығында 700-ге жуық өмірді сақтап қалдық деген сөз. Сондай-ақ, жолдарда жарақаттану 16 пайызға қысқарды», - деп атап көрсетті Б.Мұхамеджанов.
Ведомство басшысы Заң нәтижелілігін беру үшін сонымен қатар, жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы жетілдірілгенін жеткізіп, тамыздың 1-інен бастап жол полициясы күшейтілген тәртіпте қызмет істеп жатқанын айтты. Ал жол тәртібі сақшыларының қатарындағы жемқорлық мәселесіне, «полицейлердің басым көпшілігі адал қызметкерлер», дей келе бүгінде 28 қызметкер пара алғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғанын тілге тиек етті.
Б.Мұхамеджанов сондай-ақ, қазір пара алушы ғана емес пара беруші де заңмен жазаланатынын ескертті.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |