Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Автоваз» тобының президенті Борис Алешинмен кездесті
Кездесуде Қазақстанда автомобиль жасау ісін толыққанды дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған шаралар талқыланды.
Қазанның 10-ында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Автоваз» тобының президенті Борис Алешинмен кездесті.
Тараптар Ақтөбе қаласында 2008 жылы 22 қыркүйекте шекара маңындағы өңірлер форумында қол қойылған «Автоваз» ААҚ, «Азия авто» АҚ және «Еуразия Даму Банкі» арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асырудың маңызды мәселесін талқылады.
Келісімге сәйкес, қазақстандық кәсіпорындар Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Ресей Федерациясының өңірлерінде және Орта Азия елдерінің аумағында LADA автомобилін жинау және өтіміне байланысты толыққанды құқыққа ие болады.
Сондай-ақ, кездесуде Қазақстанда автомобиль жасау ісін толыққанды дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған шаралар талқыланды.
Кездесу соңында Премьер-Министр белсенді ынтымақтастық пен аталған инвестициялық жобаны іске асыру экономиканың шикізат емес секторының бөлігі тәрізді автомобиль жасау ісін табысты дамытуға жағдай туғызатынына сенім білдірді.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |