Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > Парламент Сенатының Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің өкілдерімен кездесуі барысында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндады

Парламент Сенатының Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің өкілдерімен кездесуі барысында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндады

Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1 миллиард 376 миллион теңге игеріліп, айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.
Бұл туралы қазанның 10-ында Парламент Сенатының Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің өкілдерімен кездесуі барысында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы уақытта қоғамда осы бағдарламаның болашағына байланысты алаңдаушылық пайда бола бастаған соң, министрлік оны әрі қарай жалғастыру мақсатында арнайы тұжырымдама дайындап бекіткен. «Қазір біз осы бағдарлама аясында тиісті жұмыстар жүргізудеміз. Сонымен қатар, республикамыздағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер аранйы тізімге енгізіліп, олардың 218-іне республикалық нысан деген мәртебе берілді. Қазір сол ескерткіштердің 51-і қайта жөндеуден өтті», деді министр.

М. Құл-Мұхаммедтің айтуынша, Қазақстандағы көптеген археологиялық зерттеу нысандарының арасындағы ең ірі ортағасырлық 39 қалада зерттеу жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан өзінің тарихында биыл бірінші рет «Мәдени мұра» бағдарламасын еліміздің тарихына қатысы бар шет мемлекеттердегі мәдени құндылықтарды да негізге ала отырып жүргізді. Мысалы, биыл Әл-Фараби бабамыздың Дамскідегі қабірінің басында түркі, мұсылман елдерінің тарихында бірінші болып, этномәдени кешен ашпақпыз. Оның этномәдени кешен болатын себебі - Әл-Фараби біздің ғана емес, бүкіл Шығыс әлеміне ортақ тұлға. Оның зиратының жанынан ұлы бабамыздың шығармаларын зерттейтін, бір жағы ғылыми орталық болатын, екінші жағынан мұражай болатын, үшіншіден осындай басқосулар өтетін орын болатын кешен салғалы отырмыз. Биыл осы аймақтағы 38 үй мен ғимарат құлатылып, құрылыс алаңы дайындалып, тиісті жұмыстар басталып та кетті», деді М.Құл-Мұхаммед.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS