Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қазан > ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

Аталмыш заңға түзетулер Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес енгізілген.

 Қазанның 11-і күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Премьер-Министр заң жобасын алдағы дүйсенбіде Парламентке енгізуді тапсырды.

Үкімет басшысының айтуынша, аталмыш заңға түзетулер Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес енгізілген.

Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, барлық ресурстарды, оның ішінде мемлекеттік ресурстарды жеке өндірісті және ішкі
экономиканы дамытуға жұмылдырылу, мемлекеттік сатып алулар үдерісі кезінде сыбайлас құқық бұзушылыққа негіз болатын
алғышарттарды жою – заң жобасының негізгі мақсаты. «Электрондық мемлекеттік сатып алуларды енгізу заң жобасындағы маңызды бағыт болмақ. Сонымен қатар аталмыш заң жобасы тауарлар мен қызметтерді отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді», деді министр.

Оның айтуынша, заң жұмыс істеген кезде бақылаушы органдар мемлекеттік сатып алулар үдерісіне қатыспайтын болады, олар тек
бақылауды ғана жүзеге асырады.

«Бұдан бөлек электрондық мемлекеттік сатып алуларды дамытуды ынталандыру мақсатында электрондық мемлекеттік сатып алуларды енгізген сәттен бастап тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер кезінде баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен 4000 айлық есептік көрсеткіштің бағалық шектік маңызы алынып тасталынады. Заң жобасы күшіне енген сәттен бастап 2009-ыншы жылы электрондық мемлекеттік сатып алулар оны жүргізудің балама тәсілдері ретінде жүзеге асырылады. Ал, 2010-ыншы жылы бұл баға ұсыныстары әдісімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратын жалғыз тәсіл болады», деді Б. Жәмішев.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS