ҚР Қаржы министрлігінде Экономика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастық бойынша қазақстандық-испандық үкіметаралық аралас комиссиясының кезекті IV отырысы өтті
Шілденің 2-сі күні ҚР Қаржы министрлігінде Экономика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастық бойынша қазақстандық-испандық үкіметаралық аралас комиссиясының кезекті IV отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Испания Корольдігі Үкіметінің арасындағы экономика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастық туралы келісімге 1994 жылғы наурыздың 24-інде қол қойылған болатын.
Бірлескен комиссияның жұмысы Қазақстан мен Испанияның арасындағы ықпалдастықтың мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Отырыс барысында қазақстандық және испандық тараптар саяси қалауларының ортақтығын, екі жақтың қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және оны бекіте түсуге ұмтылыстарын атап өтті.
«Соңғы жылдары Испания Қазақстанның маңызды әріптестерінің біріне айналды. Біздің елдер арасындағы қатынастар толық түсіністік пен сенімділік жағдайында өрбуде. Қазақстан мен Испания арасындағы қатынастардың тұрақтылығын елдер Президенттерінің екі жақты ресми сапарлары да дәлелдей түсуде (2009-2010 жж)», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәлелов.
Тараптар Қазақстан мен Испанияның экономикалық жағдайының қазіргі жағдайы мен оның даму болашағын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін, индустрия, шағын және орта бизнес пен туризм салалары бойынша ықпалдастық жайын талқылады.
Экономика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастық бойынша қазақстандық-испандық үкіметаралық аралас комиссияның бүгінгі отырысы аясында қосарланған салық салуды болдырмау бойынша конвенцияға қол қойылатын болады.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |