Испания мен Қазақстан арасындағы әріптестіктің бұдан арғы дамуында жоғары әлеует бар
Мемлекеттер арасындағы Салық саласындағы келісімге қол қою рәсімінен кейін ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай атап көрсетті.
Испания мен Қазақстан арасындағы әріптестіктің бұдан арғы дамуында жоғары әлеует бар. Мемлекеттер арасындағы Салық саласындағы келісімге қол қою рәсімінен кейін ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай атап көрсетті.
Оның айтуынша, бүгінгі күні Испания-Қазақстан арасындағы тауар айналымы шамамен 750 млн. еуроны құрап отыр.
«Испандық тарап еліміздің көлік саласындағы жобаларға инвестиция салуға ниеттеніп отыр. Сіздер білесіздер, біздің елде испандық «Тальго» вагондары пайдаланылуда. Бүгін теміржол құрамдарын жөндеу, оларға қызмет көрсету бағытындағы келісімдер қайта қаралды», деді Б.Жәмішев.
«Ал Қазақстан тарапы еліміздің экономикасына Испания инвестицияларын тарту және шетелдік капитал үлесін арттыруды көздейді. Сол мақсатта бүгін қосарланған салық салуды болдырмау бойынша екіжақты келісім жасалды. Бұл құжат мемлекетаралық экономикалық қарым-қатынастардың дамуына серпін береді», деп атап көрсетті ол.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |