ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шілденің 2-сі Елбасы Н.Назарбаевтің Жарлығымен Дипломатиялық қызмет күні болып жарияланды. Соған орай Астанаға іс-сапармен келген Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос мырзамен Қазақстан-Испания арасындағы екіжақты келісімдерге қол қою рәсімінен кейін М.Тәжин қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шет елдерде , ел ішінде қызметтерін атқарып жүрген дипломаттарға табыс тіледі.
«Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында Қазақстанның дипломатиялық корпусы шілденің 2-сінде құрылған болатын. Осынау тарихи күннің орайына байланысты кеше Мемлекет басшысы бұл күнді Дипломатиялық қызмет күні етіп белгіледі. Бұл Елбасының осы құрылымда жұмыс жасап жүрген біздің жүздеген әріптестеріміздің қызметіне берген жоғары бағасы деп есептеймін. Мен өз тарапымнан еліміздің барлық дипломаттарын мерекелерімен құттықтаймын», - деді М.Тәжин.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |