ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос бастаған Испания Корольдігінің делегациясымен кездесті
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос бастаған Испания Корольдігінің делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Испания арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.
М.Моратинос Астана қаласында өткен экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-испания үкіметаралық комиссиясының төртінші мәжілісінің қорытындысы бойынша екі елдің арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге, сондай-ақ, екі жақты бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылғанын хабарлады.
Ол Испания Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестік деңгейінде өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |